«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!» атты мерекелік жиын.

 

І жүргізушіҰлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

 

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.


ІІ жүргізуші:Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
СендердеҰлы Отанның болашағы –

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

ІІ жүргізушіДұрыс айтасың Мадина
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

І жүргізушіИә, Дәулет.
Ұрпақтәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда сонны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

ІІ жүргізуші:Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

І жүргізуші:Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

ІІ жүргізушіОлай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

І жүргізуші:Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

І, ІІ жүргізуші:Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

І жүргізуші:Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік , әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін сөз кезегін колледж директоры Ихсанов Берік Қабделұлына береміз.

Рақмет, Берік Қабделұлы!


« Ұстазым » әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын Өктешева Қарлығаш


І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне колледж аруларының керемет биін тамашалайық.
Аруларымызға алғысымызда білдіреміз!

ІІ жүргізуші: Ән: «Ұстазым» орындайтын Гумаров Сұлтанияр

І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі кезекті ұлы ақындарымыздың ұстаздар туралы өлең-шумақтарына берейік.

Мәнерлеп оқу:  Гайнуллин Дәулет, Жұмаева Күнсұлу, Қуанова Нұргүл, Закарина Ақмаржан, Болатов Рауан.

І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Дәулет  менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.
ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?
І жүргізуші: Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Нұргүл, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек. Ендеше ұстаздарымызбен бір қызықты ойын ойнап жіберсек қалай қарайсыздар?

Шардың ішіне бір қағазға сұрақ жазылады.Мұғалімдер сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап береді. Сол арқылы ең тапқыр ұстазды анықтайық!

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Олқай сан? /Жүз/

3. Желсоққанда тау ық бола ма? /Ықболады/

4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5. Ертістіңортасында не бар? /Т әріпі/

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

7. Сырты қара болғанмен іші аппақ? Ол кім? / Нұрлыбек Нурболатович/

«Ойын аяқталған соң ең тапқыр ұстазды марапаттайды.»

І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі кезекті ұлы ұстаздарымыздың құрметіне аруларымыздың тамаша биіне берелік.


ІІ жүргізуші:  Ән: «Бақыт деген...»,  орындайтын Қуанова Мадина

І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.

ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.


І жүргізуші: Дәулет, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.


ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Мадина
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

ІІ жүргізуші: Әсерлі де керемет сәттен кейін кезекті «Ұстазым» әніне берейік.  орындайтын Кенжегалиева Альбина.

І жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе шарамыздың соңына да келіп жеттік.

ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар !
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Өткізген                     С.Б.Ахметқалиева

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту