Қыркүйек айының 22 – сі білім ордамызда Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай «Ана тілің – асылың» тақырыбында І – ІІ топ студенттері арасында көркем сөз оқудан байқау өтті.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты – жастардың тілге деген құрметін арттырып қана қоймай, ана тілдің қадірін білу, құрметтеу, бағалау және сыйлауды дәріптеу болды. Сонымен қатар студенттер қауымы арасында ұтымды ой және биік талғамды арттырып, мәдениетті және әдепті сөйлеуге үйрету. Байқауға І – ІІ топ студенттері қатысты. Байқау барысында қатысушылар өздерінің шеберлегін таныта отырып, тілге деген құрметтерін көрсетіп, әр кезең сайын ана тілдің қадірін көрермендерге ұғындыра білді. Бірінші кезеңде тіл туралы ақын – жазушылардың өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде «Өмірде бір ғана тұрақты сезім бар ол – шынайы махаббат» тақырыбы бойынша проза жанрынан үзінді оқыды. Бұл кезеңде студенттер махаббат тақырып жалпылай түсіне отырып, отанға, туған жерге, ата – анаға, табиғатқа, адал досқа, ұстазға, мамандыққа, жан – жануарларға, өмірге және ғашығына деген махаббатты өздерінің туындыларынан көрсете білді. Соның ішінде, атап өтетін болсақ, Жұмаева Күнсұлудың «жетім қыз» бен Амиров Бақытжанның «шынайы махаббат» тақырыбындағы оқыған туындылары көрермен көзіне еріксіз жас келтірді. Руханилыққа толы болған әдеби кеш және байқау ретінде ұйымдастырылған бұл шараның үшінші кезеңі студенттерді ұтымды ой айтуға жетелейді. Себебі бұл кезең бойынша «Ұтымды ой және шығармашылық қабілет» тақырыбы бойынша әр қатысушыға түрлі суреттер үйлестірілді. Сол суретте бейнеленген көрініске шағын қойылым (топтағы студенттердің немесе топ жетекшінің көмегімен) немесе әңгіме ойластырды. Әр адамның өзінше армандайды емес пе?! Міне, осы кезеңде қатысушылар өздерінің бойындағы жасырын таланттарын, ойларында жүрген армандары мен ақ тілектерін көрермендермен бөлісті. Байқау қорытындысы бойынша А-51 топ студенті Жұмаева Күнсұлу І орынды иеленсе , ТҚ-41 тобының студенті Берікбаев Мирас ІІ және Э-32 тобының студенті Амиров Бақытжан ІІІ орынды қанжығаларына байлады. Алғыс хатпен Қыдыров Жалғас Э-31, Аскербекова Алсу А – 51, Рахымов Мақсат Ф-11, Айтжанов Бекзат Э-31, Өктешова

Қарлығаш А -51, Амангелдиев Даулетияр Э-32 және Шайдуллин Мейрамбек ЖД-12 топ студенттері марапатталды. Бұл байқауға аудандық кітапхана бөлімінің қызметкерлері өздерінің ынталандыру сыйлықтарымен демеушілік көрсетті. Менің бұл байқауды ұйымдастырудағы басты мақсатым – техникалық –кәсіптік білім алып жатқан студенттерге кішкене болса да әдебиет атауынан рухани байлықтың нәрін себу. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жарқын болашақ жастардың қолында, сондықтан білім беру кезіндегі ешқандай жасандылықсыз, ешқандай ұрыс-керіссіз саналы ұрпақ тәрбиелеу қай – қай ұстаздың болмасын үлкен арманы. Бұл шарадан қатысқан қатысушылар да және тамашалаған көрермен де өздері кішкене болса да рухани байлық жинап, әдебиеттің небір керемет тұстарын біліп, түсінді. Мен үшін ең маңыздысы осы болмақ...

 

Ахметқалиева Самал Бейімбетқызы

Жәнібек колледжі

Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы және кітапханашы

 

 

 

 

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту