Ағымдағы жылғы ақпан айында өңір колледжерінің студенттері арасында спорттың бірқатар түрлерінен Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Қазақстан колледжері студенттерінің І спартакиадасыың» облыстық іріктеу кезеңі өткізілген болатын.

Бұл дүбірлі додада Нұрлыбек Губайдуллиннің шәкірттері М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледждінің студенттері аудан намысын корғап, нәтижесінде екі спортшыларымыз да сайыс жүлдегерлері атанды. Атап айтқанда, қазақ күресінен 60 кг салмақта Айбол Карадаев топ жарып, жеңіс тұғырына көтерілген болса, осы спорт түрінде 66 кг салмақта Рауан Болатов жүлделі үшінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар облыстық білім басқармасы басшысының «Грамоталарымен» және тиісті медальдармен марапатталды.

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту