Ағымды жылдың 22 қаңтар күні М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде алғашқы әскери дайындық пәнінің жоспарына сай  «Жәнібек» шекаралық бақылау бөлімшесінің аға бақылаушысы, аға лейтенант Тұрысқан Қуаныш Ермекұлымен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – колледж түлектеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара академиясына оқуға үгіт насихат, кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу, әскери мамандығына қызығушылығын арттыру. Кездесу барысында К.Ермекұлы студенттерге оқуға түсу тәртібін түсіндіріп, академияның тыныс-тіршілігін бейнелейтін  ролик көрсетілді. Студенттер әскери қызметіне қызығушылық танытып, өз ойларын білдіріп,сұрақ-жауап алмасып шара аяқталды.

 

 

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту