М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде әдістемелік кабинеттің жоспарына сай «Кәсіптік білім – шеберлік кілті» тақырыбында мамандықтар айлығы шеңберінде  өндірістік оқыту шебері Г.Хамиеваның ұйымдастыруымен аспазшы тобының студенттері арасында «Мейрамхананың бір күні» іскерлік ойын оздырылды.

 

Іскерлік ойынның ережесіне сәйкес оқушыларды рөлдерге бөліп, әрқайсысына нұсқаулықтар берілді. Іскерлік ойын колледж асханасында өтті. Шара барысында «Гәкку» мейрамханаға келішулерге сапалы да жоғары мәдениетті қызмет көрсету,  тиімді тамақтануын  және технологиялық үдерісті ұйымдастыру, нақты лауазымға сәйкес шешім қабылдау мақсаты көзделді.

Мейрамхана басшысы рөліндегі /Аманжол/ жұмыс күнін өндірістік кеңес өткізуден бастап, бос лауазымдық орындарына түйіндемелері бойынша 2 даяшыны жұмысқа қабылдап, бармен лауазымына конкурс жариялады. Нұсқаулық бойынша мекеме басшысы барлық құрылымдық бөлімшелердің тиімді өзара іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастыру, кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қажетті құжаттарды ресімдеумен айналысады. Аспазшылар /Асылжан, Сагидолла/ бекітілген ас мәзіріне және технологиялық картаға сәйкес тағамдар дайындауға кірісіп кетті. Даяшылар /Диана, Азамат/ шағын банкет залын қызмет көрсетуге дайындап, келішулірге қызмет көрсетумен айналысуда. Сонымен қатар, әкімшілік қызметкер /Бекзат/ мейрамхананың қызмет көрсетумен байланысты талаптарды қарастыру, еңбек және өндірістік тәртібіне бақылау жасауды қамтамасыз етті. Жұмыс күні соңында «Гәкку» мейрамхананың басшысы қызметкерлермен қорытынды өндірістік кеңес өткізіп, аспазшылардың есептерін тыңдап, дайындалған тағамдарға бракераж журналын жүргізді. «Мейрамхананың бір күні» іскерлік ойын өз мәресіне жетті.

Өткен шарада өндірістік сауда және технологиялық үдерісті ұтымды ұйымдастыру мақсаты толығымен орындалды. Мамандық шарасы  оқушыларға мол әсер қалдырды.

 

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту