11 желтоқсан күні М.Б. Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы "Жастар-қоғамның жарқын болашағы" атты фестивалі аясында ұйымдастырылған мерекелік шарасы жоғары деңгейде өтті.

Облыс бойынша барлық колледждер бақ сынап жатырған бұл фестивалдың мақсаты-жастарды патриоттыққа, туған жерді құрметтеп, жалынды да білімді болуға тәрбиелеу.  Облыстан келген қонақтар колледждің мұражайы мен мамандықтардың көрмесімен танысып, оқу орнының  тыныс тіршілігінен хабарлы болды. 

 

Мерекелік шара барасында  ұжым қызметкерлері мен студенттері өздерінің өнерлерін ортаға паш етті. Мәжіліс залына жиналған көрермендеріміз, ардагер ұстаздарымыз және облыстан келген қонақтарымыз кеш соңында өздерінің ықыласын ерекше ыстық шапалақпен білдірді. Ардагер ұстаздарымыз Кенжеғалиев  Меркен Мұстахұлы мен Жүнісов  Қабаш Жүнісұлы келген қонақтарымызға төр ұсынып, сонымен бірге білім ордамыздың тарихынан сыр шертті. Шара соңында әділқазылар алқасының мүшесі, облыстық білім басқармасының әдістемелік бөлімінің әдіскері Қиясов Тұрарбек Бахтыгереевич өзінің жоғарғы бағасын беріп, өнерпаздарымызға рахметін айтып, барша Қазақ елін келе жатырған Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

 

 

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту