Студенттерге мамандық туралы жан-жақты мағлумат беру, теориялық білімдерін нығайта отырып, тракторға техникалық күтім жасауға және техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдыландыру, техникаға және өз мамандығына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру, тракторист-машинист еңбегін құрметтей отыра «Өз кәсібіңнің мықтысы бол» тақырыбында сайыс дода жоспар бойынша ұйымдастырылды.

Шараға жауапты болған өндірістік оқыту шебері Оралбек Қарашев.

Шараға өндіріс оқыту шеберлері, оқытушылар мен колледж әдіскері қатысты.

Сайыс ТМ-10 және Ф-12 топ студенттері арасында өздырылды, сайысқа 13 студент қатысып екі топқа бөлінді. Бірінші топ «Тұлпар», екінші топ «Болашақ фермер» болып аталды. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде оқушылардын теориялық білімдері бағаланды. ЖЖЕ, трактор құрылысы және ТҚК, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы пәндерінен сұрақтар экранға шығарылып, әрбір дұрыс жауабына жетон беріліп отырды   (1 жетон-1 ұпай). Бұл кезеңнен «Тұлпар» тобы 12 ұпаймен алға шықты. Практикалық кезеңде топтарға стартер, генератор, аккмулятор және поршень гильзасы макеттері ұсынылды. Оқушылар макеттердің атқаратын қызметін, құрылысын, жұмыс процесін және реттеу жұмыстарын айтып өтті.  Берілген жауаптарының есебі жүргізіліп отырды.

Трактор көлігін жүргізу сайысы автодром алаңында өтіп, қатысушылардың түрлі жаттығулар орындау шеберліктері сыналды: көлікті басқару, көлікті орнынан қозғау, жол белгілерін сақтау,  сегіздік кедергісінен өту, туннельден өту, агрегатты тіркеу, темір жолынан өту, т.б. Әр топтан трактор көлігін жүргізуге бір адам ұсынылды.  «Тұлпар» тобынан Дишенов Алмас, ал «Болашақ фермер» тобынан Сағит Әрсен. Сайыс қортындысы бойынша «Өз кәсібінің мықтысы» атағын иеленген Дишенов Алмас.

Шара барысында оқушылар мамандыққа қызығушылық танытып, болашақта теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселелерін жолға қою керектінін ұғынды.  Сайыс мақсатына жетті.

 

.

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту