Өз ісінің маманы болу үшін ол мамандық бойынша жұмысты  ерекше құлшыныспен, сүйіп жасау керек. Қазіргі кезде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың бірі-даяшы. Осы орайда колледжімізде «Кәсіптік білім-шеберліктің кепілі» атты арнайы білім пәндер айлығында «Аспаз» мамандығының өндірістік оқыту шебері Перизат Пангалиеваның ұйымдастыруымен студенттер арасында «Мен-даяшымын» атты кәсіби байқауы оздырылды.  Байқауға ауданымыздағы «Султан» ЖК басшысы Стамова Молдир Жаксылыковна шақырылды. Сонымен қатар колледж оқытушылары қатысты. Байқаудың мақсаты - мамандық бойынша оқушылардың білімін тереңдету, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, мамандыққа қызығушылығын ояту. Шара басында даяшы туралы жалпы мәлімет берілді. Байқау  бағдарламасы бойынша алдымен студенттер «Кебаб» және «Ақжол» болып екі топқа бөлініп, 4 тур бойынша сайысқа түсті.

Байқаудың бірінші турында викториналық және ситуациялық сұрақтар қойылды. Қатысушыларға  ортақ 10 сұрақтан қойылды, яғни 5 сұрақ теория бойынша, 5 ситуациялық сұрақтар болды. Кім қойылған сұраққа бірінші,  нақты әрі  дұрыс  жауап берді сол қатысушыға ұпай берілді. Байқаудың екінші кезеңінде майлықтарды әсемдеу додасы болды. Осы турда даяшылар берілген 3 минут ішінде  майлықтарды түрлі әдіспен әсемдеп, өздерін шығармашылық жағынан сынға түсті. Қатысушылардың жан-жақты, ізденімпаз екені осы турда байқалды.  Байқаудың практикалық кезеңі үстелдерді безендіру болды.  Бұл турда әр топтан бір қатысушыдан шығып үстелді безендіріп, өздерін басқа қырынан көрсетті. Соңғы  турда  қатысушылар келушілерге қызмет көрсетті, оларға ас мәзірін ұсынып, тапсырыс алып, тапсырысты уақытымен әкелу керек болды. Бұл турда даяшының сөйлеу мәнері, жүрісі, қызмет көрсетуі, қызмет көрсету кезінде өзін ұстауы  бағаланды. Байқаудың қорытындысы бойынша «Мен даяшымын» атағына ие болған  Қауи Тұрсын марапатталды.

Шара барысында студенттер даяшы туралы қосымша мәліметтер алып, өздерінің теориядан алған білімдерін практика жүзінде көрсете білді. Алдағы уақытта студенттер колледжді «Аспаз»  мамандығы бойынша аяқтап, ауданымызда немесе басқа да үлкен қалаларда даяшы қызметін атқара алады деген сеніміміз мол.

 

 

.

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту