2019 жылдың 29 қараша күні студенттерге Отанымыздың тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысының рөлі туралы түсінік қалыптастыру, олардың бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу мақсатымен «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» тақырыбында колледж студенттеріне  арналған жалпы республикалық ашық сабақ өткізілді.

 

Тарих пәні оқытушысы М.Ефремова колледж студентеріне  сабақ мақсатымен таныстырып, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуындағы рөлі туралы қысқаша ақпарат бере отырып, Елбасы туралы бейнеролик көрсетілді. Тақырыпқа сай топтық жұмыстар ұйымдастырылды.

Биология пән оқытушысы А.Мендыгалиева Елбасымыздың өмірбаянынан маңызды мәліметтер атап өтіп, студенттермен кері байланыс жасады.  

Өткен шараны қорытындылай келе, Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп, татулық пен тұрақтылықты ту етіп, егемендігіміз баянды болып, халқымыз аман, ел жұртымыз тыныш болсын деп ашық  тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.

{gallery}-/4{/gallery]

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту