Студенттерді шығармашылыққа баулу, ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік шеберлігін дамыту мақсатымен «Сандық ақпараттарды қайта өңдеу» мамандығы бойынша оқитын С-33 тобында «Теңіз шайқасы» атты интеллектуалды сайысы оздырылды.

 

 «Шайқас»  шарасына жауапты Нұрлыбек Хаирлиев – ой-өрісі дамыған, жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан, компьютерлік шеберлікті меңгерген тұлға, мәдениетті ұстаздардың бірі - топ студенттерін «Интернет» және «Windows» командаларына бөліп, шебер ұйымдастыра білді.

 

Интеллектуалды шара барысында мамандыққа байланысты қызықты сұрақтар ребус, кроссворд, логикалық және сурет түрінде қойылып, ойыншылардың теориялық білімдерін шайқасқа түсірді. Шараның қорытындысы бойынша «Интернет» құрама командасы 13:11 есебімен жеңіске жетіп, белсенді қатысқан ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік  көмекші», «Ойды  жалғастырушы»  аталымдары белгіленді.

 

 Н.Хаирлиев сайыс барысында АКТ-ны пайдаланудың инновациялық әдістерді кеңінен қолданып, өзінің шеберлігі мен білімдарлығын, жаңашылдығы мен ізденімпаздығын көрсетті.  Тек қана алға, құрметті әріптес !

 

Әдіскер Г.Есмухамбетованың пікірі

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту