Еліміздің - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әр ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі.

Сол себепті мамандыққа баулу мақсатында өндірістік оқыту шебері А.Аймурзиннің ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім – шеберліктің кепілі» атты арнайы білім пәндер айлығы аясында «Көңілді информатика» сыныптан тыс шара өтті. Шара 2 теория 2 практикалық  кезеңнен құралды. «Модем» және «Ғаламтор» болып  2  топқа бөлініп әр топта 8 студенттен сайысты. 1 кезеңде адасқан әіптерден мамандыққа байланысты сөздерді құрап шықса, 2 кезенде мәтін теріп, электрондық  поштаға жіберу жұмыстарын атқарды. 3 кезеңде мақалдарды дұрыс ретімен айтып ұпай жинады. Сонғы кезеңнің ережесі бойынша ойынға қатысушылар пратикалық тапсырмада жүйелік қораптың қоректендіру блогін ауыстыру жұмыстарын жүзе асырды. Әр кезең бойынша студенттер белсене қатысып сайыс өз мақсатына жетті.

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту