Білім ордамызда Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тіл деген алып мұхит түбі терең...» атты мерекелік шара өтті.

Шараның алғашқы кезеңі ұлы ақын, қазақтың кемеңгер философы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналды. Студенттер  еркін тақырыпта ұлы ақынның өлеңдерінен сыр шертті. Кейін «Тілге деген құрмет – ұлтқа деген ізет»  кезеңінде қатысушылар  Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілдеріне тоқталып, қызықты да құпияға толы жақтарын шағын жоба ретінде ұсынып, презентацияларын қорғады. Шара соңында «Менің тілім – менің байлығым» еркін тақырыпта көркем прозадан үзінді келтірілді.

 

Әр халықтың тілінің құндылығын таныта отырып, өз тіліміздің қадір-қасиетін арттыру шараның басты мақсаты болды. Қазақстанда 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығы да біздің тілімізді құрметтеп, мәртебемізді асқақтатып жүреді. Осынау айтулы мерекеде оларды айтпай кетсек, бізден ағаттықтың кеткені. Қазақстанды әлемге паш етіп жүрген өзге ұлт өкілдерінің де еңбегін бағалап, әрдайым құрметтеп жүруіміз қажет.  Тіл – халық  тарихы, тіл – ұлттық  қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу. Тіл – ұлт қаруының қуаттысы. Ол шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, алмастай өткір, найзағай жарқылындай дүлей. Елбасымыз өзінің жолдауында  «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.

 

 

Ширек ғасыр - өтсе уақыт бедері,
Жүзеге асты кейбір іс те келелі.
Мына әлемде өзің барсың, ана тіл,
Сен бар жерде ұлтың да аман келеді.

 

Ұрпақ үшін кемімеген бағаң да,
Алаңдасаң, тілің үшін алаңда.
Сол кезеңде қайран тілі халқыңның,
Тұрыпсың-ау көз жасы боп жанарда.

 

Тілдің жайын бар жанымен ұғыпты,
Ана тілі - перзенті үшін тұнық-ты.
Сол перзенттің тіл деп соққан жүрегі
Қуаныштан сонда егіліп тұрыпты.

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту