Көршілес Ресей Федерациясының Палласовка ауылшаруашылық техникумының ұйымдастыруымен «Аспаз» мамандығының студенттері арасында "Арт-класс"  аймақтық байқауы  ұымдастырылып өтті. 

Мақсаты – дарынды жастарды қолдау, озат және талантты оқушыларды іріктеу, қоғамдық тамақтандыру саласының мамандарын кәсіби дайындық сапасын көтеру, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың кәсіби деңгейін көтеруге ынталандыру. «Арт-класс» байқауына  4 команда қатысып, біздің колледжімізден аспазшы тобының 3 курс студенттері Диана Машауова мен Азамат Қабиев қатысып сынға түсті. 2 этаптан тұратын байқауда қатысушылар  жемістер мен көкөністерді сәндеп турап және оларды безендіру дизайны бойынша бәсекелестік додасын көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша Д.Машауова ІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталып, үздіктер қатарынан көрінді.

Сонымен қатар, «Арт-класс» кәсіби байқау шеңберінде тәжірибелермен алмасу және тарату, жаңа педагогикалық технологияларды еңгізу, кәсіби желілерді кеңейту және дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Кәсіптік оқытудың үздік тәжірибелері» атты оқытушыларға арналған дөңгелек үстеліне әріптестеріміз өз баяндамаларымен қатысып, арнайы сертификатын иемденді.

 

 

.

 

 

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту