Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде көрініс беріп келеді.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестицияларды тарту процесін тежейді, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Жәнібек колледжі бойынша да сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша іс-шаралар жоспары құрылды. Мақсаты – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлықтың алдын алу. Жоспар бойынша төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыру көзделген:

  • Жеке тұлғалардың хаттары мен шағымдары  үшін «Сенім жәшігін» орналастыру
  • Колледж ұжымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарымен таныстыру
  • Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау жұмыстарын ұйымдастыру құжаттарын дайындау
  • Оқушылар мен ата-аналарды колледж Жарғысымен, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, соның ішінде білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің колледж қызметкерлері тарапынана заңсыз әрекеттері жөніндегі шағымдарын ескере отырып, жұмыс жоспарын дайындау және бекіту
  • Сыбайлас жемқорлық немесе құқық бұзушылықтарды жасау тәуекелi бар немесе тәуекелі жоғары тұлғалардың лауазымдық міндеттерін нақтылау және талдау
  • «Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қауіптен оқушылардың мүддесін заңды қорғау» тақырыбында  тәрбие сағаттары мен ата-аналар жиналыстарын өткізу
  • Колледждің қаржы-шаруашылық қызметіне ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру
  • Колледжде мемлекеттік қызмет көрсетудің орындалуына және сапасына бақылауды жүзеге асыру (оқушыларды оқуға қабылдау, жатақханамен қамсыздандыру, мемлекеттік үлгіде білім туралы құжаттардың көшірмесін беру)
  • Сыбайлас жемқорлық және құқықы бұзушылық мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыру
  • Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша кездесулер өткізу
  • Педагогикалық кеңес пен директор жанындағы отырыстарда сыбайлас жемкорлықпен күресу заңының орындалу мәселелерін талқылау
  • Қатаң есептегі мемлекеттік үлгіде құжаттардың есебіне бақылау жүргізу
  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы талаптарының орындалуына бақылау жүргізу
  • Бюджет қаржысын, соның ішінде, жөндеу жұмыстарына бөлінген ақша қаражаттарын бақылауға алу
  • Ауданда өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы ұйымдастырушылық – тәжірибелік іс-шараларға колледж қызметкерлерін қатысуды қамтамасыз ету

 

Биылғы оқу жылында колледж бойынша 9 желтоқсан - сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай ұйымдастырылып, іс-шаралар жоспары құрылып, айлықтың жоспарына сәйкес келесі шаралар оздырылды:

  • Студенттерге жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа қарсы мәденитетін қалыптастыру мақсатында «Құқық бұзушылық және жауапкершілік» атты студенттердің құқық қорғау, прокуратура, сот қызметкерлерімен кездесуі өтті (жауапты Ж.Ажигалиева);
  • Студенттердің шығармашылығын арттыра отырып, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сүрет конкурсына колледж бойынша 15 студенттің жұмысы қабылданды (жауапты Г.Есмухамбетова);
  • Студенттердің емтихан сессияларын ашық және кедергізіс тапсыруын қамтамасыз ету мақсатында «Таза сессия» акциясы ұйымдастырылды. Жалпы қысқы сессияда студенттерді аралық аттестаттау бойынша 17 емтихандар және мемлекеттік атестаттау бойынша 1 біліктілікті анықтау емтиханы өтті (жауапты Б.Сарбалина);
  • Жастардың бойында жемқолықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай Бірыңғай сағат өткізу жоспарланды. Осыған орай әрбір курста «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлық – қоғам дерті», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыптарында тәрбие сағаттар өтіп, «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» дөңгелек үстелі іске асты (жауапты Ж.Ажигалиева);
  • Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер интернет ресурстарындағы парақшаларда жарияланып, іс-қимылдар жаңартылып отырды (жауапты Ж.Ажигалиева).

 

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында еліміздің барлық арнаулы оқу орындарында «Адалдық дүкені» туралы бастама көтерілді. Мақсаты – «жемқорлыққа иммунитет» қалыптастыру, қоғамда ақырындап сенім атмосферасын қалыптастыру және студенттік жастарға өздерін адал азамат ретінде сезінулеріне мүмкіндік беру. Осыған орай колледжде «Адалдық алаңы» (территория честности) сатушысыз дүкені ашылып, студенттерге қажетті кеңсе таурлары, сусындар, тәттілер, нан өнімдері қойылды. Қажетті таурларын алып, кассалық аппаратты алмастыратын арнайы жәшікке студент ақшасын салып отырды. Дүкеннің кіріс-шығысын есеп қызметкері есептеп, күнделікті туармен толықтырып отырады. Бүгінгі күнге дүкеннің қаражат есебінің айырмашылығы бойынша студенттерге әлі де адал сауда жасау жөнінде насихат жұмыстары жүргізілуде.

 

Жоспарды орындау баршамызға міндеттеледі. Ерекшелігі сол, лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып отыр. Лауазым иесінің қызметтік міндетіне жатпайтын әрекеттерді жасауға заң бойынша тиым салынады. Аталған заңның талаптарына сәйкес, барлық мемлекет қызметшілеріне және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдарына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарына, ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салынатыны көрсетілген. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсінуі керек. Тек бүкіл қоғам бірігіп, сыбайлас жемқорлықтың кез келген  көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы бұл әлеуметтік зұлымдықты жоя алады.

 

 

Г.Есмухамбетова, колледж әдіскері

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту