Аудандық  «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойынына 6 ойыншы қатысты: 

Э-32 тобының студенті Д.Балтабеков жетекшісі Н.Хаирлиев, Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің 9 сынып оқушылары Ә.Асылбеков, Ә.Махот жетекшісі О.Шапагатова, №1 мектеп-лицейдің  9 сынып оқушылары Е.Бекетов, А.Губайдуллаев жетекшісі А.Садиров және А.Оразбаева атындағы негізгі ЖББМ-нің 9 сынып оқушысы К.Кусаинова жетекшісі Г.Рамазанова қатысып, білімділер құрама командасын құрады. Ойынның басында 3 сұрақ қою арқасында капитанды анықтадық, ол Махот Әділбек болды.  Шараға қазылар алқасы сайланды: әдіскер Г.Қ. Есмухамбетова және өндірістік оқыту шебері, қызмет көрсету ПЦК жетекшісі А.У.Аймурзин. Шараның мақсаты: оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық және логикалық қабілеттерін дамыту және дарынды жастарды қолдау және кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуде колледж бен мектеп арасында байланысты нығайту.  Интеллектуалды шара барысында 12 сұрақтан 9 сұрақ қойылды және оның ішінде 1 сұрақ қара жәшік болды. Сұрақтардың көбі логикалық  және ЭЕМ операторы мамандығына байланысты қойылды.  Білімділер құрама командасы 6-3 есебімен жеңіске жетті. Шараның ортасында музакалық жарнама және кофе тайм жарияланды. Ән орындағандар Э-32 тобының студенттері және Жанибек дауысы – 2019 финалисттері А.Ганиевамен Д.Балтабеков. Кофе таймға жауапты болып, кофе таратқан Р.Есмагулова, М.Құттығулова, Ж.Ғаллимов, Н.Қуанғалиев және А.Абуов. Суретке түсіру жұмыстарын Б.Айтжанов атқарып жүрді. Шараға қатысқан жастар өте белсенді қатысып, әр сұраққа жауапкершілікпен қарады. Білімділер 4 сұрақ қойылғанда білімдінің көмегіне жүйенді(А.Садиров).  Шараға қатысқан білімділер диплом және сертификатпен марапатталды. Соңында жетекшілерге сөз беріліп, өздерінің алғыстарын жеткізіп және алдағы уақытта №1 мектеп-лицейдің информатика пәні оқытушысы осындай шараға шақыратынын ескертті. Өткен шара мақсатына жетті. Жауапты: Хаирлиев Н.Н.

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту