Аспазшылар  тобынының қатысуымен колледж асханасында «ДонерLife»  тағамын дайындау кәсіби байқауы оздырылды.

Байқаудың мақсаты: заманауи сұранысқа ие тағамды дайындау арқылы тағамды жарнамалау және студенттердің қазіргі заманға сай тағамдарды дайындауға қызығушылығын арттыру; салауатты өмір салтын ұстануда дұрыс тамақтану ережелерін сақтауын насихаттау; үстелдерді  студенттердің өз талғамдарына қарай безендіруін (сервировка) бақылау.       Байқауға қатысқан сегіз студент төрт топқа біріктірілді. Байқау басында фастфуд тағамдарының шығу тарихы, зияны, түрлері, тез дайындалатындығы жөнінде сипаттама берілді. Содан кейін фастфуд тағамының бір түрі донерге тоқталып, оны дайындау жолдары слайд түрінде көрсетілді.      Ауданымызда ашылған Sultan Kebab дәмханасы туралы қысқаша мәлімет беріліп, слайд көрсетілді. Қысқаша мәлімет айтылғаннан кейін байқаудың барысымен таныстырылады. Байқау екі турдан тұрды: студенттер донер дайындап, кейін лаваштан басытқы әзірледі.  Әр топ салманы өз қалаулары бойынша дайындап, ұсынды. Бұл байқаудың барысында студенттердің құрал-жабдықтармен қалай жұмыс істейтіні, арнайы киімдерінің болуы, тағамдарды дайындау кезінде өзін ұстауы барлығы бақыланып отырды. Дегустация нәтижесінде Елеусін Толқын, Жұмаева Күнсұлу дайындаған тағамы үздік деп атанды.  Ө/шебері П.Пангалиева

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту