Миссия: Қоғамның талаптарына сай, бәсекелестікке қабілетті, әлеуметке бейімделген, шығармашыл, белсенді тұлғаны дамытуға жағдай жасау

Мақсат: колледж базасын қазіргі заман талабына сай техникалық  және кәсіптік білім беретін, қоғамға қажетті жұмысшы мамандар дайындайтын, тұтынушылардың сұранысы мен кәсіби техникалық тәжірибені ұштастыратын оқу-әдістемелік орталыққа айналдыру

Міндеттер:

Модульдік оқыту технологиясы бойынша

  • «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру
  • модульдік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін жандандыру (оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын жасақтау)
  • педагог қызметкерлердің модульдік оқу бағдарламаларын дайындау және енгізу бағытындағы білімдерін жетілдіру
  • құзіретті кең бейінді маман дайындауға жағдай жасау

  Жаңартылған оқу жүйесі бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру

  • жаңа талаптарға сай педқызметкерлердің білімдерін жетілдіруін ұйымдастыру
  • озық тәжірибелерді тарату
  • педқызметкерлерге шығармашылық ізденіспен жұмыстануға жағдай туғызу

Колледждің әлеуметтік серіктестерімен қарым-қатынас дамыту

  • дуальды, технологиялық оқытуды бірлесіп жүзеге асыру
  • жұмысқа орналастыру жүйесін дамыту
  • кәсіби бағдар беру бағытында жұмысберушілермен тығыз байланыс орнату

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту