Рухани жаңғыру

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасында Н.Ә.Назарбаев туған өлке, туған жер тарихын зерттеп,оның өткені мен бүгініне зор құрметпен қарау қажеттігін айтып өткен болатын.

Жәнібек колледжінде Сталинград шайқасының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толуына орай Ұлы Отан соғысында мұз жастанып, қар жамыла жүріп ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен майдангерлер мен тылда қажырлы еңбек еткен ардагерлердің құрметіне арналып «Жәнібек отты жылдарда» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.

Қазақ халқы «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын атап көрсеткен Елбасы Н.Назарбаев «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды.