Ағымды жылдың 22 қаңтар күні М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде алғашқы әскери дайындық пәнінің жоспарына сай  «Жәнібек» шекаралық бақылау бөлімшесінің аға бақылаушысы, аға лейтенант Тұрысқан Қуаныш Ермекұлымен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – колледж түлектеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара академиясына оқуға үгіт насихат, кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу, әскери мамандығына қызығушылығын арттыру. Кездесу барысында К.Ермекұлы студенттерге оқуға түсу тәртібін түсіндіріп, академияның тыныс-тіршілігін бейнелейтін  ролик көрсетілді. Студенттер әскери қызметіне қызығушылық танытып, өз ойларын білдіріп,сұрақ-жауап алмасып шара аяқталды.

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

 

 

 


 

Кәсіптік бағдарлау шарасы өткізілді

 

Облыстық кәсіптік бағдарлау күніне орай ағымдағы жылғы 28 ақпанда М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің ғимаратында осы тақырыпта шара өткізілген болатын. Шараға колледждің басшылығы, шеберлері мен оқытушылары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жәнібек аудандық филиалының директоры Ж.М.Басиров, аудан орталығындағы мектептердің мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары қатынасты.

Шараны колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары А.Х.Джуманиязов ашып, оның өткізу мағынасын түсіндірді. Кейін сөз алған колледждің шеберлері алдынғы оқу жылында колледжде дайындалатын мамандықтармен таныстырды. Сонымен қатар, жиналғандарға колледждің бүгінгі материалдық-техникалық базасының жәй-күйі туралы хабардар етіліп, қазіргі кезде мемлекет тарапынан кәсіптік білім беруді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатырғандығы айтылды.

Жоғарыдағы негізінде, ауылдарға қажетті мамандықтарды игеру қажеттілігі түсіндіріліп, мектеп оқушыларына алдағы уақытта колледжге оқуға түсуге үндеу жасалды.

 

 


 


Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту