Ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Берік Қабделович - осындай ұстаздардың бірі және білікті басшы,  рухы таза, ой-өрісі дамыған, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан жан.  Берик Қабделович 1967 жылы БҚО Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында дүниеге келген.   

1992 - 1997 жылдары БҚМУ аяқтап,  тарих пәнінің мұғалімі біліктілігі бойынша білім алды.   Жәнібек колледжі директоры лауазымына  2011 жылдың 1 қарашасынан бастап тағайындалды. 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен, 2016 жылы облыстық кәсіподақ ұйымының төс белгісі марапатталды.

 Үлкен шығармашылық потенциалы бар, жоғары мәдениетті ұстаз Берик Қабделовичтің негізгі ұстанымы – ұстазды сыйлау, оған қамқорлық жасау, баға жетпес еңбегі мен балаға берген жүрегі үшін алғыс айту. Келешек ұрпақты жан-жақты қалыптастыру, терең білімді, рухани-шығармашылық қабілеті жоғары, сыни ойлау мүмкіндігі бар, өз бетімен ізденіп, игерген білімін іс жүзіне асыра алатын тұлға дайындау мақсатында оқытудың жаңа технологияларын пайдалануды  тәжірибесіне ендіріп жүр.

Б.Ихсанов – шәкірттері мен әріптестері арасында сыйлы да қарапайым, инабатты, салмақты, ізденуден, үйренуден бірде – бір жалықпайтын «таланты өсіретін – талап» екенін көруге болады. Биікке қарай, қанаты талмай, самғай ұша беретін ұстаздың бірі – Берик Қабделович деп танимыз. Б.Ихсанов - өз баяндамасымен облыстық семинарларға қатысып, педагогикалық ой-пікірін ортаға салып, әдістемелік мақалаларын облыстық, аудандық басылымдарда жариялап  жүрген ұлағатты ұстаз. 

Ұстаз әрбір тақырыпты өткенде басты мақсат етіп оқушыларды ұлтжанды, елін-жерін сүйетін азамат ретінде қалыптастыруды алады.  Берік Қабделович оқушыға білім бере отырып оқушылардың досы, ақылшысы, рухани жетекшісі ретінде жан-жақты ізденіп өзінің баланың бойына нәр себетін ұстаз екенін, алдында егеменді еліміздің ертеңі отырғанын жан-жүрегімен сезінеді. Жаналыққа жаны құмар ұстаздық білім жүйесіне елеулі өзгерістер еңгізуі, білім алуға бет алған жастарды, өмір тәжірибесіне тартуы Берік Қабделовичтің бұкіл оқу тәрбие жұмысының басты арқауына айналған.

Әріптестері мен шәкірттерінің құрметіне бөленген Ихсанов Берік Қабделович қажырлы еңбегі үшін облыстық білім Басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту